Шу-Чу. «Біртүрлі» фильм

Да, я экспериментировал с марихуаной раз или два. Но мне это не понравилось, и я не затягивался.

Билл Клинтон

Неге екенін кім біледі, бірақ, отандық киноөндірістің өнімдері көп  жағдайда бірсипатты болып келеді. Әлде біздің көз солай көре ме,  әйтеуір, аяқ-басы емес, ортасынан қарасаң, қайсысының қайсысы  екенін ажырата алмай қалып жатасың. Тек соңғы жылдары  жылтыратып көз ашқан, нұқып-нұқып қана көрсетуге болатын бірді-  екілі туынды ғана қазақстандық киноның аңызақ даласына тамыр  жайған жаңа өсімдікті елестетеді.

«Шу-Чу», міне, осындай фильм. Ал, оның қандай өсімдік екенін  ішіңіз сезетін шығар.

Бір өзі сценариймен бас қатырған, режиссер болған, қатігез  капитанды сомдаған Жантемір Баймұхамедов «Жантиктың»  маңдайына жазған фильмы бізге «біртүрлі» көрінді.

Әуелі, анау бір кезден бері ой мен қырда жарияға жар салып  жүрген «Шу-Чудың» көзге не берері жайлы әңгімелесек. 90-  жылдардың қысылтаяң кезеңіне тап болған үш «көксоққан»  алматылық жасөспірім сол кездегі аула түсінігі бойынша әжептеуір  беделі бар ересек жігітке еріп Шу алқабына тартып кетеді.  «Планға». Қазақстанның екінші «космодромы» аталған алқаптан  қарасора теруге.

4 октября, 12:26
235

Загадка

 

Не хватает запятой или "L" лишняя?

18 июня, 17:20
379

"Казахи"-дің қазақы қалжыңы

 

Бүгінгі айтпағым атын "Астана KZ-тен" "Казахи-ға" ауыстарған КВН-дағы қазақтардың командасы туралы болмақ. Және әңгіме тек жақсы бағытта өрбиді деп күте беріңіз. Себебі...

Себебі, менің жеке пікірім бойынша, біздің топ ТМД көрермендері арасында да, әділқазылар арасында да КВН-де өзіндік бет-бейнесі бар, жаңа бағытта өнер көрсететін топ ретінде қабылданады. Ал олардың жаңашылдығы - қазақылығында. Өткір, зиянсыз, жеңіл, шымшыма, астарлы, тауып айтылған қалжың ертеден-ақ ел арасында кеңінен таралған. Бір мысал ретінде Абай мен Көкбайдың арасындағы қалжыңдарын келтіруге болады. Енді ол осы қыз-жігіттердің арқасында елден сыртқа да танылып жатыр. Басқаны қайдам өзім осы команданың сахнадағы ойынын көріп отырып айызым қанады. Нұрланның күлкісі мен Тұрсынбектің "қуғаны", Гүлнәрдің дауысы, Ярославтың ұлтжандылығы және басқа да марқасқа халық балаларының әдемсі ойыны еріксіз елдік мәртебесінің еленуіне қаңсып жатқан көкірегіңді көтертіп-ақ тастайды екен. Кейінгі кезде бір жұбаным тапсам осы ойындарды көріп табатын болдым. Әйтпесе, айналаңдағы  дүние қажытып жібереді...

квн, астана.kz
18 июня, 17:09
420

---

Счастье - это жопа...

29 мая, 16:38
317

Тексіздің тұқымы

Бүгін Абай.кз порталынан Қанат Әбілқайырдың "Қазақтың «порножұлдызы» - Аида" (түпнұсқада "Қазақтың «порножұлдызы» немесе АГУ-дің Аидасы жайлы ақиқатты кім айтады?", «Болашақ» газеті, мамыр, 2010) атты мақаласын оқып ойым ойран болды.

Әрине, мұндай іске барған екі жігітті де, "операторды" да, Аиданы да жерден алып, жерге салуға әбден болады. Оны кейбіреулер істеп жатыр. Мақаланың соңында жазылған комменттерге қарасаңыз көз тұнады. Бірақ, бір ауық бас көтеріп жан-жағыңызға қараңызшы? Тұнып тұрған порнография емес пе? Осындай орысша айтқанда "благоприятная средада" "тәлім-тәрбие, өнеге" алып жүрген жаннан не сұрайсыз? "Не ексең соны орасың" деген құлақты жауыр қылған мақал бар, бірақ дәл осы жерде дәл осы сөздер дөп келіп тұр.

Бізде өзі порнография барлық жерді жаулап алған. Қалай түсінсеңіз олай түсініңіз. Саясатта да, экономикада да, әлеуметтік ортаңызда да ыңырсу мен ырғалысу.

Сондықтан еңбегіміздің бұл "жемісіне" ішегімізді тартып, аузымызды ашып, көзімізді жұмып аса қатты "таң қалуға" болмайтын шығар.

Пікір Сіздікі!

19 мая, 15:46
448

Шындық

Басталмақ - шындық.

Басталғанның аяқталмағы да шындық.

Бағаның берілері де шындық.

Берілмей қоймасы да шындық.

Ерте ме, кеш пе кез келген дүниенің  шырқау шегіне жетері де шындық.

Бұдан соң құлдырау болатыны да шындық.

Адам өзіне қарамаса я ақылы ауысады, я тәні жарамсыз дүниеге айналады. Бұл да шындық.

Мұндай адам бар, ол да шындық.

Және олар көп, бұл да шындық.

"Алыстап кеттің, қарғам-ау"...

Шындық дегеніміз арман.

Бірақ, арман шындық емес.

Нағыз ақиқат ылғи да кешігіп жүреді.

Ондай ақиқаттың бізге керегі жоқ.

Бізден басқа да әлемдер, ол шындық.

Менің сөзіме қосыла қоймайтындар бар, ол шындық.

Олардікі де шындық.

Менікі де шындық.

Шындық өтірік сияқты - оның да неше түрі болады.

Нағыз шындық, ол сенімге ие болған ақиқат сөз немесе іс-әрекет, тек оны өтірікпен шатастырмаса болғаны.

Шындық дегеніміз кейде өтірік.

Мәңгілік тек ҚҰДАЙ ғана.

ҚҰДАЙДЫҢ шыны ғана нағыз шын.

Қалғанның бәрі салыстырмалы дүние.

Бұл да шындық.

 

18 мая, 15:20
424

Қоғамның бет-бейнесі

Алматының мекемелерінің бірінде көргенім... Біздің қоғамға берілген сипаттама)))

14 мая, 15:48
416

Бір өлең

Бұлыңғыр күндер бұлдыры,

Күлкіңнің күміс сыңғыры,

Сарғайтып кетті, сағынтып

Жаныңның жібек сыбдыры …

 

Мұңымның мынау шынжыры,

Сырымның анау сылдыры,

Қалғандай көштен адасып,

Күллі жетімнің тұлдыры

Өзім болдым, құрғыры…

 

23.10.2008

 

 

 

 

 

 

14 мая, 15:40
429

Тағы бір өлең

avaamның "СУЖ" атты жазбасынан кейін осы бір өлеңді қайта жариялағым бек келіп кетті...

 

Жайдым қағаз, алдым қалам хат жазбаққа өзіңе.

Бұл бір әлде бұйығы мұң буындырған кезім бе?

Қағып-қағып қалың ойдан киелі сөз таппаса,

Құр жылаған, құр булыққан бұл сезімім сезім бе!?

 

Сыр мінез, сыйлы, сыралғы жолдас, жалғызым,

Сағынамын сені күн батар кештен таңға ұзын.

Алақан жүрек алаулап сүйген, ардақтым,

Берем бе сені балаған мыңға хан қызын!?

 

Аялы, аппақ алақаның...

Сағындым да  тот бастым...

Сен бар жерде  бұл жалғанда, мен де бекер жатпаспын.

Құлдыраң қаққан жұмыр жерді шырқ айналып шықсам да,

Сенен артық, сірә, біреу таппаспын-ау,таппаспын...

 

Жүректі кеп сыздатады сылдыр сезім,жасық мұң,

Сен бар жерге, сырым менің, алып-ұшып, асықтым.

Кейде тұман, кейде мұнар, кейде шуақ мінезің,

Сол мінезге, өзім бірақ, есім кете ғашықпын...

 

Көңілдің кірін жасымен көздің жусақ та,

Балапан сезім балалап тұрған бұл шақта,

Бұғаулы жүрек бұлқынып туған бұл шақта,

Арманымды-әлди құшақта, жаным, құшақта…

 

Сөз айттым саған, салмақтап құйған сымбаттым,

Құдайдан кейін құлай да сүйген қымбаттым,

Қиылған қасың, қарақат көзің ұғар ма,

Мен емес, менің жүрегім жазған бұл хатты…

 

16.10.2008

өлең, СУЖ, сезім
6 мая, 12:46
485

Біртүрлі

Көңілім құлазып отыр...

Өз-өзіме көңілім толар емес...

Жапанда жалғыз қалған дуана...ол мен...

Кез келген адам әркез әркез өзін осылай сезінер...

Әлде мен ғана ма екен ...

Алыстан бір үміт мен мұндалайды, бірақ мен оған жете алар емеспін...

Сіз де сондайсыз ба?

Шамалы қуып кеткен сияқтымын...

Бірақ...шын мәнінде...қуып отырмын...

Ех...

6 мая, 10:28
504